97 человек за последний час интересовались этим событием.
Ел үшін туған ер еді...
Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ел үшін туған ер еді...» халықаралық ақындар айтысы
Дүбірлі дода ұлттық өнерді дәріптеп, ел тарихында өшпес із қалдырған тұлғаның өнегелі өмірі мен халыққа сіңірген еңбегін ұлықтауға бағытталған рухани шара.
Айтыс алаңында бауырлас Қырғызстан Республикасынан келген мейманымыз Арген Биймырза уулу өнер көрсетеді. Еліміздің әр өңірінен келген айтыскер-ақындар Мейірбек Сұлтанхан, Аспанбек Шұғатай, Аруна Керімбек, Тілеген Әділов, Алтынгүл Қасымбекова, Нұрлан Есенқұлов, Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Эльдар Ықсанов, Бауыржан Ширмединұлы, Мейірман Шакенов қатысады. Қазылар алқасының төрағасы – Жүрсін Ерман. Айтыс жүргізушісі – Аманжол Әлтай.
Рассказать друзьям
Не хватает информации? Напишите нам, мы добавим!
Рекомендуем также:
от 50 смн.
Аватар: Пламя и пепел
