Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Қара сөз» Премьера!

Купить билеты
Купить билеты

«Қара сөз» – ұлы ойшыл Абайдың рухани мұрасын заманауи пластикалық тілмен сөйлететін, философиялық тереңдігі мол сахналық туынды. Спектакльде ақынның өмір жолы мен шығармашылық ізденістері, рухани арпалысы мен кемелдікке жету сапары пластикалық би арқылы бейнеленеді. Қойылым тоғыз көрініспен суреттеліп, әрқайсысы адам өмірінің белгілі бір кезеңін, ішкі толғанысын және рухани дамуын сипаттайды.

Туындының құрылымы – көктем нышаны болған құс бейнесінен басталып, адамның ішкі жарығы мен сенімінің қайта оянуымен аяқталады. Абайдың «Қара сөздері» арқылы көрермен өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі. Бұл – әр адамның жүрегіне жол табар, ой салатын, көркем әрі терең философиялық қойылым.

Қоюшы режиссер және көркемдік жетекшісі: Мадина Муратпекова

Композитор: Хамит Шанғалиев

Балетмейстер: Анна Цой, Адлет Таменов, Аида Жақсылықова

Сценограф: Нұрлан Тулешов

Жарық бойынша суретші: Татьяна Мишина

Костюм бойынша суретші: Жанна Артелбекқызы 

Грим бойынша суретші: Адэль Нұрқасымова