Помощь без выходных:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 человек за последний час интересовались этим событием.

Айбозым, айхай бозым

Купить билеты

Қайрат Байбосыновтың 75 жылдығына арналған мерейтойлық концерт

31 қазан күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Әбсаттарұлы Байбосыновтың 75 жылдығына арналған «Айбозым, айхай бозым» атты мерейтойлық концерт өтеді.

Қазақтың дәстүрлі ән өнерінің дара тұлғасы, ұлттық музыка мәдениетінің абызы саналатын Қайрат Байбосынов – жарты ғасырдан астам уақыт бойы сахна төрінде қазақтың төл өнерін насихаттап келе жатқан дәстүрлі әнші. Оның орындауындағы Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Естай, Мұхит сынды халық композиторларының туындылары қазақтың рухани қазынасына айналды.

Мерейтойлық концертке еліміздің дәстүрлі ән өнерінің таңдаулы өкілдері қатысады. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртістері Айгүл Қосанова мен Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Дәуренбек Әркенов, Клара Төленбаева, Еркін Шүкімән, Гүлмира Сарина, Нұржан Жанпейісов, Ардақ Исатаева, Жақсыкелді Кемалов, Айтбек Нығызбаев және өзге де танымал өнер майталмандары бар.

Кеш бағдарламасында халық әндері мен дәстүрлі композиторлардың жауһар туындылары шырқалады. «Айнамкөз», «Сырымбет», «Айбозым», «Бурылтай», «Қызыл бидай», «Желдірме», «Қанатталды» сынды туындылар көрерменге рухани әсер сыйламақ.