Екі жұлдыз
25 маусым күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында филармония төрінде «Екі жұлдыз» жобасы өтеді. Еліміздің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп келе жатқан әр саланың жұмысшылары филармонияның кәсіби солистерімен бірге, эстрадалық-үрлемелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуінде өнер көрсетеді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп отырған жоба қатысушылар үшін де, көрермендер үшін де керемет әсерлі болатынына сенеміз.
Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге, маңыздылығын және қоғамдағы рөлін насихаттауға, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жұмысшы мамандық иелерінің өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар мекемелер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және әртүрлі мамандық иелері арасынан дарынды орындаушыларды анықтауға бағытталған.
Ерекше кештің куәсі болыңыздар!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
.png?w=220&h=300)
