Китри, Аврора, Кармен және басқалары...
«Китри, Аврора, Кармен және басқалары...»
(балеттің жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадина Өнербаеваның шығармашылық кеші)
23 мамыр күні театрдың Үлкен залында «Астана Опера» балетінің жетекші солисі, Бордо ұлттық операсының (Франция) шақырылған солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадина Өнербаеваның шығармашылық кеші өтеді.
Мадина Өнербаева сахнаға өзінің басты партияларының кейіпкерлері – Китри және Аврора бейнесінде шығады, сондай-ақ жанкүйерлерін жаңа жұмыстарымен – Р.Петидің «Кармен», В.Цукеттидің Souvenir de Danse балеттерінен фрагменттермен және Сұлтанбек Ғұмар осы кеш үшін арнайы қойған «Кемел адам» хореографиялық нөмірінің премьерасымен қуантады.
Мәдина Өнербаева – халықаралық байқаулардың лауреаты, оның ішінде Италиядағы «Рим сыйлығының» лауреаты, «Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының Гран-при иегері, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, «Сахнагер-2018» ұлттық театр сыйлығының «Үздік балет әртісі» номинациясының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері.
Ол театрдың түгел дерлік репертуарлық балет спектакльдерінде басты партияларды зор табыспен орындайды.
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

