Алтайдан ауған ел
Құрметті көрермен! Қазақ тарихындағы «азалы көш», «қаралы көш», «соңғы көш» сынды ұғымдарға айналып, қаламмен емес, қанмен жазылған бабалар кешкен зұлмат күндер пьеса болып, арнайы сахнаға лайықталып жазылмағандықтан, қанша уақыт бойы толғатып, театр тілімен сөйлейтін күнін күтіп жатқанын жанымыз сезеді. «Алтайдан ауған ел» атты спектакльді дүниеге әкелу барысында біз сол тылсым күшті, бабалар рухын сезіндік. Қойылымға «жанр» қоюға да қиналдық. «Кейіпкерлер» деп жазуға да жүрексіндік. Қойылымдағы бір көште бірнеше көштің ізі бар, бір кейіпкерде бірнеше адамның тағдыры бар... Ал біздің басты міндет – сол тарихты, сол шындықты көркем өнердің тілімен көрермен жанына жеткізу. Осы қойылым – «Елім» деп еңіреп, еркіндік үшін құрбан болған жан иелерінің басына қойған көк шұбар тас, мәңгілік ескерткіш болсын!
Халифа Алтай: Біздерге «сатқын», «қашқын» деп қарайтынын да жанымыз сезетін. Осыны ойлағанда көңіліміз алай-дүлей болады. Бірақ біз бір шыбын жан үшін елден, жерден еріксіз ауған пенделер едік. Атажұрттан алыстаған сайын ел мен жердің қадірін де біле түсеміз. Ең болмаса бір уыс топырақ та қалтамызда жүрмеді, санамызды сағыныш қана биледі. Туған жерді бойтұмардай көңіліміздің түкпірінде сақтадық. Алдында айыбымыз
болса айт, атамекен! Күндердің күнінде ақ-қарамыз ашылып, кінәсіздігімізге келер ұрпақтың көзі жетер.
Хасан Оралтай: 1960 жылдың аяғында Ыстанбұл қаласының Зейтінбұрны ауданының көшесінде кетіп бара жатыр едім, қарт бір қазақ әйелі: «Қарағым, Қасенбісің? Жігіт болыпсың ғой!»-деп келіп бетімнен сүйді. «Қалибек Хакім аман ба? Қайран жарықтық, елдің алдында жалғыз жүріп отырып, Үндістанға жеткізді ғой! Осының бәрі – сол кісінің арқасы»,- деді. Ол Құдайға, ал оған ерген ел де бір білгені бар шығар деп Қалибек Хакімге сенуші еді. Бұл сенім, яғни, Аллаға және басшыға деген сенім, елден осылай аууға, Такламакан шөлінен өтуге, Гималай тауынан асуға, сонау Түркияға дейін баруға жеткізген күш еді.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
