М. Әуезов театры «Қас-қағым...» спектаклімен Конкордия студенттік театрында
Бойжеткен Жазира беймәлім дертке ұшыраған. Осылай деп білетін, сондықтан-да «жалғызы жолында жан пида», бірақ, өз өмірінің мағынасы – мансабын да бір сәт естен шығармайтын әкенің қимыл-қарекеті және оның «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» ортасының «құндылықтары» - қойылымның бірінші қабаты.
Бойжеткен Жазира ешқандай да дертке ұшырамаған. Сондықтан да «денім сау, мен тек махаббатқа сенуім керек, сонда ғана барлығынан құлан-таза айығамын» деп психиатр Сәбитке ағынан жарылатын оның бірте-бірте өзгеретін психологиялық-рухани ахуалы қойылымның келесі қабаты. Спектакльдегі оқиғалар шым-шытырғы бірде ап-айқын болса, енді бірде ирреалдылық кеңістігіне шығады.
Метафизикалық трагедия махаббатсыз, имансыз, сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделеуге бастайды.
Сәбит - А. Сатыбалды
Жазира - З. Карменова
Мұхит Абзалұлы - А. Боранбаев
Р. Әлімұлы - А. Бектемір
Сәуле - Д. Жүсіп
Тамара - Ш. Жанысбекова
Шахан Есенұлы - Ж. Маханов
Е. Жуановна - С. Реал-Бланко
Полиция әйел - К. Шаяхметова
Дәурен Исабеков - А. Мажит
Пациент - Р. Бекет
Көпшілік сахна:
М. Асаубай, Қ. Демеуов, Ғ. Амангелдіұлы, Ж. Қонысбай, Ә. Базарбай, Ә. Есбатыров, И. Құлмағамбетова, З. Рахымжан, А. Ағымбай, Г. Досанова, М. Қасенова, Ұ. Райханова, З. Каташева