«Мани-мани» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Қонаев қаласында
Есімі әлемге танымал ағылшын комедиографы Рэй Куни комедиясының бас кейіпкері Генри Перкинс туған күнінде ойламаған жерден мол ақша тауып алады. Дипломаттағы 1 млн 750 мың фунт стерлингті өзінің өмір бойы есепші болған адал еңбегінің өтеуі деп білген ол шетелге қашпаққа бел буады. Бірақ, өзгелер оны осынша мол ақшамен шетелге оп-оңай жібере салмақ емес. Осылайша, оқиғалар қым-қуыт сипат алады, барлық кейіпкерлердің шынайы бет-бейнесі «мани, мани» үшін күресте ашыла бастайды. Әншейінде бәрі жақсы қарапайым адамдарды осындай бір сын сәттерде тану мүлдем қиын. Неліктен?..
Генри Перкинс - А. Боранбай
Джейн Перкинс - Б.Қажынабиева
Виктор Джонсон - Ж. Толғанбай
Бил - Е.Тұрыс
Бетти Джонсон - З. Карменова
Дэвенпорт - Ж. Байсалбеков
Слейтон - Е. Бектасов