Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Үшқоңыр» тобының ән кеші

Купить билеты

«Үшқоңыр» тобы  «Ұлы елім» атты концертін ұсынады. Бұл кеште дәстүрлі ән мен этно стиліндегі әндер үйлесіп, қазақтың терең тарихы мен бай мәдени мұрасы кең толқында жаңғырады. Жанды дауыстар мен шынайы орындаулар арқылы тыңдаушының жүрегіне жетіп, ұлы даланың сырын сездіреді.

Дәстүрлі өнердің біртұтас қалыптасқан жүйесін арқадағы Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай Шығыста Ақылбайдан бастап, Жәнібек Кәрменовке дейінгі аралықта бір-бірімен тұшымды тұтасқан сан мақамды ән мектебі, Батыста Мұхиттан өрбіп, бүгінгі Қатимолла Бердіғалиев пен Сәуле Жанпейісова секілді дүлдүлдер легіне келіп жалғасатын дауылпаздар құрайды. 

Әрбір үн – ұлттық болмысымыздың айнасы, өз тамырларымызға деген сүйіспеншілігіміздің көрінісіндей орындалады. Концерт жанды дауыста ұлттық аспаптарымыздың үнімен қоса, заманауи әрленіп көрерменге ұсынылады.

ҚР Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері әрі Құрмет орденінің иегері Айгүл Қосанова, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Еркін Шүкіман, 
сондай-ақ ҚР мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері Өмірқұл Айниязов сынды кеш қонақтары өнер көрсетеді. 

«Үшқоңыр» тобының концерті халыққа мағынасы терең, мазмұнды, сапалы музыкамен қатар, естен кетпес көңіл-күй, рухани азық сыйлайды.