АБАЙ ӘЛЕМІ
Қазақконцерт сүйікті көрермендерін ұлы қазақ ақыны, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «АБАЙ ӘЛЕМІ» атты концертке шақырады.
Бұл кеште Абайдың рухани мұрасына музыкалық саяхат жасалып, сөз өнерінің тереңдігі, әуеннің саздылығы, поэзия мен философияның үндестігі, дәстүр мен заманауи бағыттар бір арнада тоғысады.
Негізгі назар қазақ әдебиеті мен музыкасына ғана емес, бүкіл ұлттың мәдени келбетін айқындаған бай көркем мұраға аударылады.
Бағдарламаның ерекшелігі:
- Абайдың бұрын-соңды көпшілікке ұсынылмаған шығармалары алғаш рет тыңдарманға жол тартады;
- Танымал туындылар заманауи сахналық шешімдер мен музыкалық өңдеулер арқылы жаңаша сипатқа ие болады;
- Поэзия, философия және музыка біртұтас көркемдік кеңістікте тоғысып, ерекше атмосфера қалыптастырады;
- Дәстүрлі өнердің майталмандары мен жас дарындар бір сахнада өнер көрсетеді;
- Абайдың әйгілі әндеріне арналған аспаптық вариациялар ұсынылады;
- Заманауи композиторлар мен ақындардың Ұлы ақынға арналған төл туындылары орындалады.
Концертке «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солистері қатысады: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Жанғали Жүзбай, Құмарбек Қалқатай, Раушан Оразбай, Айзат Қарабек;
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері: Толғанбай Сембаев
Белгілі күйші Қайрат Айтбаев;
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері: Бауыржан Бекмұханбет, Перизат Тұрар;
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты: Күнсұлу Түрікпен;
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Біржан Айтахмет, Әлихан Дүйсенбай,Ақерке Тәжібаева,Венера Табыс,Жанту Дадабаев.
Қапы қалмаңыз! Абай мұрасы арқылы ұлы даланың мәңгілік үнін жан-тәніңізбен сезініңіз.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
