тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Ақын-сазгер Ерқожа Тілепбердиевтің «Рух қанатында» шығармашылық кеші (CentralConcertHall)

Билет сатып алу

Ақын-сазгер Ерқожа Тілепбердиевтің
«Рух қанатында» шығармашылық кеші

Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт 2025 жылғы 31 тамыз күні сағат 19:00-де ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-сазгер, Мәдениет саласының үздігі,  республикалық, халықаралық патриоттық әндер конкурстарының лауреаты Ерқожа Тілепбердиевтің «РУХ ҚАНАТЫНДА!» атты шығармашылық кешіне шақырады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған бұл ерекше кеш — жүректен шыққан жыр мен елдік рухтың көркем көрінісі.

Ата Заңымыздың қадір-қасиетін ұлықтау, автордың патриоттық әндері арқылы жастарды елге қызмет етуге баулу, рухани құндылықтар мен әскери борыштың маңызын түсіндіруге бағытталған кеште:

- Алғаш рет Қазақконцерт пен Күштік құрылым өнерпаздары бір сахнада бас қосады;
- Кеш барысында әскери оркестрлер, хорлар, этно-фольклорлық және эстрадалық ансамбльдер, театр әртістері өнер көрсетеді;
- Көпшілікке беймәлім, сирек орындалатын әскери-патриоттық әндер мен поэтикалық көріністер ұсынылады.

Кеште Қазақконцерт әртістері мен шығармашылық ұжымдары, ҚР Ұлттық Ұланының Ән-би ансамблінің солистері, «Ерлер» хоры және әскери оркестрі, Президенттік Күзет қызметі оркестрі, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ансамблі, ҚР ҰҚК Шекарашылар қызметі ән-би ансамблінің өнерпаздары өнер көрсетеді.

Кешке өнер жұлдыздары және шет ел әншілері қатысады.

Ел рухын асқақтатар, тыңдарманның жүрегін тербейтін шынайы өнер кешін тамашалауға асығыңыздар!