Гармония поколений (AstanaOpera)
«Ұрпақтар үндестігі»
камералық музыка концерті
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Камералық музыка кеші бір сахнада «Астана Опера» камералық оркестрі мен дарынды музыканттар – Қазақ ұлттық өнер университетінің шәкірттері мен студенттерінің басын қосады. Олар өз тәлімгерлерімен бірге сахна төріне шығып, ұрпақтар сабақтастығының тамаша дәстүрін жалғамақ.
Концерт бағдарламасында классиктердің туындылары, романтик композиторлардың шығармалары, сондай-ақ ұлттық репертуардың інжу-маржаны бар. Оркестрмен бірлесіп өнер көрсету жас орындаушыларға шабыт беріп, шығармашылық тәжірибесін молайтады әрі тыңдарман қауымға музыкалық өнер жауһарларымен қауышу қуанышын сыйлайды.
БАҒДАРЛАМА:
И.С. Бах. Екі гобойға ыңғайлауда екі скрипка мен оркестрге арналған концерт, ре мажор
Н. Паганини. Фагот пен скрипкаға арналған №2 дуэт
Дж. Россини. Екі виолончельге арналған дуэт, ре мажор
И.Б. Ванхаль. Оркестр мен екі фаготқа арналған концерт, 3-бөлім (Allegro)
Л.Боккерини. Екі виолончельге арналған соната, до мажор
Ж. Массне. «Таис» операсынан «Ойтолғам»
П. Чайковский. «Жыл мезгілдері» топтамасынан «Үш ат жеккен арбада»
В. Азарашвили. Ноктюрн
Ж-Э.Фиокко. Аллегро
Ғ. Жұбанова. Оркестр мен скрипкаға арналған концерт, 3-бөлім
А. Зацепин, Я. Зискинд. «Көктем вальсі»
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Жаннат БАҚТАЙ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)
Айгүл АЗАТОВА (сопрано)
Дания ӘБІЛХАНОВА (скрипка)
Диаржан АХАТОВ (виолончель)
Курванжан АХАТОВ (виолончель)
Әсет НЕЛДІБАЕВ (фагот)
Шернияз НАЗАРОВ (фагот) Далида ИБРАГИМ (скрипка)
Эльмира ЖАРМҰХАМЕДОВА (скрипка)
Жұмаке АБЫЛАЙ (фагот)
Жәңгір ҚОСЫМБАЕВ (гобой)
Дамиля МАХПИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (гобой)
Елдана КӨПБАЙ (скрипка)
Жібек САПАРҒАЛИЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (флейта)
Любовь ТКАЧЕНКО (арфа)
Аружан СОВЕТОВА (арфа)
Назия МАНАБАЕВА (арфа)
«Астана Опера» камералық оркестрі
Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН
Жоба авторы – Айсұлу БАЙКЕНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (скрипка)
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:
Ёлки 12 (2025)
