тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Double-reed фестивалі («Қос түтік»)

Билет сатып алу

«АСТАНА ОПЕРА» ҰСЫНАДЫ

Double-reed

фестивалі

(«Қос түтік»)

Екінші концерт

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Классикалық музыка сүйер қауым үшін «Астана Опера» театры дәстүрлі Double-reed («Қос түтік») үрлемелі ағаш аспаптар фестивалі аясында концерттер легін ұсынады.

Фестивальдің мазмұнды бағдарламасында И.С.Бах дәуірінен қазіргі заманға дейінгі композиторлардың қос түтікті үрлемелі ағаш аспаптар (қамыстың ерекше түрінен жасалған екі жапырақты пластинкадан тұратын дыбыс шығаратын құрылғы) – гобой, ағылшын кернейі, фагот және контрфаготқа арналған туындылары орындалады.

Өте белсенді ойнаған кезде түтіктер бірнеше рет өнер көрсетуге ғана жетеді, сондықтан қос түтікте ойнайтын музыканттардың жүгі ауыр және оркестрдегі орны да ерекше құрметке ие. Сонымен қатар гобойдың «ля» нотасы бойынша бүкіл симфониялық оркестр реттеледі – гобойдың дыбысы бұзылуға барынша аз ұшырайды деп саналады.

Концерттерге бастамашылық еткен концертмейстерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дамиля Махпирова (гобой) және Әсет Нелдібаев (фагот).

Концертке фестиваль қонағы – италиялық гобойшы Джанфранко БОРТОЛАТО қатысады.

Екінші концерт бағдарламасында арнайы гобой үшін жазылған ең үздік әрі танымал шығармалар да, сондай-ақ сирек орындалатын музыкалық шығармалар да орындалады.

Жоба авторы, фестивальдің көркемдік жетекшісі және дирижер – Қазақстанның халық әртісі Абзал МҰХИТДИН.

БАҒДАРЛАМА:

Э. Элгар. Гобой мен камералық оркестрге арналған «Soliloquy» («Монолог»)

Г. Одерматт. Гобой мен ішекті аспаптар оркестріне арналған «Les couleurs de l’eau» концерті

В.Беллини. Гобой мен оркестрге арналған концерт, ми-бемоль мажор

Й.Гайдн. Гобой мен оркестрге арналған концерт, до мажор, 1-бөлім

К.Ф.Э Бах. Флейтаға арналған концерт (гобойға ыңғайлау)

С.Әбдінұров. «Трансфигурейшн»

А.Рубцов. Гобой мен ішекті аспаптар оркестріне арналған концерт, 1-бөлім

Т.Альбинони. Екі гобой мен оркестрге арналған концерт, фа мажор

Ә.Әбдінұров. «Аққу-домбыра»

И.С.Бах. Гобой мен оркестрге арналған концерт, 1-бөлім

И.Фаш. «Аллегро»

Э.Мариконе. Gabriel's Oboe («Габриэльдің гобойы»)

И.С.Бах. Гобой д’амурға арналған концерт, 1-бөлім

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Фестиваль қонағы – Джанфранко БОРТОЛАТО (гобой, Италия)

Солистер – Дамиля МАХПИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (гобой)

Әсет НЕЛДІБАЕВ (фагот)

Әдижан СМАҒҰЛОВ

Арина ГЮНТЕР

Жәңгір ҚОСЫМБАЕВ

Алмат ЖАЙЛАУБАЕВ

Эльмира АРДАШЕВА

Нұргүл САПАРОВА

Жәния МҰХИТДИНОВА

«Голден трио қыздар» құрамында:

Индира ИГІЛІКОВА, Еңлік ШАЙЗАДА,Тоты ҚАБДЫЛАХМЕТ

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

Дирижер – Қазақстанның халық әртісі Абзал МҰХИТДИН

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.