«Сырлы мекеннің сырбаз әуені»
15 мамыр күні сағат 19.00-де Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының сахна төрінде «Айнакөл» фольклорлық ансамблінің «Сырлы мекеннің сырбаз әуені» атты концерті өтеді. Ансамбльдің жетекшісі: Мадиар Абай.
2004 жылы құрылған «Айнакөл» фольклорлық ансамблі - дарынды, кәсіби, дайындықтары жоғары, майталман музыканттардан жинақталған ұжым. Ұжымның негізгі мақсаты – ұлттық мәдениетімізді, төл музыкамызды сақтап, дамыту, жаңғырту, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мәдени құндылықтарымызды жеткізу. Шыңдалған сан қырлы шығармашылығының, өзіндік ерекше қолтаңбасының арқасында ансамбль әрдайым жаңарып, түрлену үстінде. Стилі мен жанрының саналуандығы жағынан ерекшеленетін ансамбльдің репертуары бай.
Әр шығармасы бойыңа нәр беретін, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ансамбльдің ерекше концертін жіберіп алмаңыздар!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

