Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Қорқыт сазы» қобызшылар ансамбліне - 5 жыл

Купить билеты

Осыдан тура 5 жыл бұрын филармония көркемдік кеңесінің шешімімен құрылып, ақпан айынан жұмысын бастаған «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамбліне биыл 5 жыл толды.

Көркемдік жетекшісі – Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Айнуза Бегимсалова 

Бесжылдық мерейлі дата аясында ансамбль өз көрермендерін жаңа репертуар, жарқын жаңалықтарымен қуантпақ! Ұлттық саз бен қазақ музыкасының барша тыңдармандарын 9 желтоқсан күні сағат 18:00-де Өнер орталығында өтетін «Қорқыт ата ізімен» атты концертіне шақырады! 

Кеш қонақтары – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Алмат Сайжан және әнші, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Айсұлу Әбді. 

Қорқыттың күйлерінде тамыры терең тарихымыздың үні жатыр. Бабадан қалған асыл мұраны насихаттауды мұрат еткен ансамбль ұрпақтан ұрпаққа жеткен киелі аспапты дәріптеп, Қорқыт күйлерін жаңаша деңгейде жаңғыртпақ. Саф өнерге Сыр сахнасында бірге қолдау білдірейік! Келіңіздер! Көріңіздер!