«Астана Операдағы» музыкалық демалыс
«Астана Операдағы» музыкалық демалыс
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Талантты қазақстандық студенттердің Камералық зал сахнасында өнер көрсетуі жақсы дәстүрге айналды. Бұл жас музыканттар республикамыздың жетекші шығармашылық жоғары оқу орындарында және шетелдегі беделді оқу орындарында білім алуда. Мұндай концерттердің мақсаты – жас дарындарға қолдау көрсету және классикалық музыканы насихаттау.
«Астана Операдағы» музыкалық демалыс» концертінде П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Академиялық музыкалық училище мен Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының Гнесиндер атындағы музыкалық училищесінің, В.Янковский атындағы Новосібір арнайы музыкалық мектебі мен Кельн жоғары музыка және би мектебінің (Германия), Шотландия Корольдік консерваториясы мен Жас музыканттарға арналған Генри Перселл мектебінің (Ұлыбритания), Карнеги Меллон университетінің (Пенсильвания штат, АҚШ) және т.б. студенттерінің орындауында отандық авторлар мен классик композиторлардың шығармалары шырқалады.
Жас әртістердің барлығы – тамаша музыканттар, беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары. Туған жерде өнер көрсетудің жүгі екі есе ауыр – бұл емтихан, жұмыстың нәтижесі, отандық көрермен мен үлкен музыка әлеміне жолдама берген ұстаздар алдында есеп беру.
ОРЫНДАУШЫЛАР
Халықаралық байқаулардың лауреаттары:
Алина КУЛБАЕВА (сопрано)
Нұрия Қанифа ҚАДЫРЖАН (скрипка)
Афина МАВИДИ (флейта)
Абылай ЖУМАКЕ (фагот)
Радия ОРАЗАЛИНОВА (фортепиано)
Жұлдыз ЕРЖЕҢІС (фортепиано)
Айдар ФАЗЫЛОВ (соқпалы аспаптар)
Диана МАҚАЖАН (скрипка)
Концертмейстерлер – Малика АЙМАҚОВА
БАҒДАРЛАМА
Ф.Шуберт. Серенада
А.Жұбанов. Л.Хамиди. «Абай» операсынан Ажардың жоқтауы
И.Брамс. Скрипка мен фортепианоға арналған №2 соната, ля мажор, оp.100
Қазақтың халық әні «Япурай» (Н.Қ.Қадыржанның өңдеуі)
А.Скрябин. Фортепианоға арналған № 5 соната, фа-диез мажор, оp. 53
С.Рахманинов. №8 этюд-картина, соль минор, ор.33
Ф.Лист. «Саяхат жылдары. Венеция және Неаполь» топтамасынан «Тарантелла»
В.А.Моцарт. Оркестр мен фаготқа арналған концерт, си-бемоль мажор, 1-бөлім
О.Гордели. Концертино
Э.Изаи. Соло скрипкаға арналған №3 соната, ре минор «Баллада», ор. 27/3
К.Дебюсси. Арабеска
А.Пьяццолла. «Аве Мария» (дуэт)
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.