Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«ҰМЫТЫЛМАС ӘНДЕР» КЕШІ

Купить билеты

2026 жылдың 6 ақпан күні, сағат 19:00-де Астана филармониясының концерт залында «Ұмытылмас әндер» атты концерт өтеді. Кеш барысында қазақ музыка өнерінің алтын қорына енген халық әндері мен көрнекті композиторлардың туындылары табиғи дауыста орындалады.

Концертке Майра Ильясова, Бағдат Самидинова, Жеңіс Ысқақова, Арайлым Рахымқызы, Мирас пен Құралай, Гүлнұр Оразымбетова, Тахмина Әшімбекова, Нұржан Қалжан, Роза Әлқожа, «Ағайындылар» тобы және басқа да өнер майталмандары қатысады.

Концерттік бағдарламада уақыт сүзгісінен өткен, халық жадында сақталған әндер орындалып, ұлт рухын асқақтататын сырлы саздар тыңдарман жүрегіне жол табатын болады. Ұмытылмас мөлдір туындылар мен ұлы тұлғалардың шоқтығы биік шығармалары көрерменді ерекше әсерге бөлейді.

Аталған мәдени һәм рухани жоба ұлттық музыканың мәңгілік құндылығын айқындап, өнерсүйер қауым үшін мағыналы рухани кеш болмақ.