«Қас-қағым» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Шымкент қаласында
Бойжеткен Жазира беймәлім дертке ұшыраған. Осылай деп білетін, сондықтан да «жалғызы жолында жан пида», бірақ өз өмірінің мағынасы – мансабын да бір сәт естен шығармайтын әкенің қимыл-қарекеті және оның «қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» ортасының «құндылықтары» – қойылымның бірінші қабаты.
Бойжеткен Жазира ешқандай да дертке ұшырамаған. Сондықтан да «денім сау, мен тек махаббатқа сенуім керек, сонда ғана барлығынан құлан-таза айығамын» деп психиатр Сәбитке ағынан жарылатын оның бірте-бірте өзгеретін психологиялық-рухани ахуалы қойылымның келесі қабаты. Спектакльдегі оқиғалар шым-шытырығы бірде ап-айқын болса, енді бірде ирреалдылық кеңістігіне шығады.
Метафизикалық трагедия махаббатсыз, имансыз, сенімнен жұрдай қоғамның қорқынышты болмысын зерделетуге бастайды.
Актерлік құрамда:
Сәбит - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Азамат Сатыбалды @azamatc
Жазира - Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Зарина Кармен @zarina_karmen
Мұхит Абзалұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай @boranbay_a
Райбек Әлімұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Айдос Бектемір @aidos.bektemir
Сәуле - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп @dariya_jussip
Тамара - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбекова @shynar.janisbekova
Шахан Есенұлы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмағали Маханов @zhumagali.makhanov
Елена Жуановна - "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері Саяжан Реал-Бланко @sayazhan.dautbaevna
Полиция әйел - «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Күнсұлу Шаяхметова @kunsulu_turgynbekkyzy
Дәурен Исабеков - Асан Мәжит @assan_mazhit
Пациент - Райымбек Бекет @n.raiim
Рассказать друзьям
Рекомендуем также:

.jpg?w=220&h=300)