Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Мәңгілік бала бейне» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Шымкент қаласында

Купить билеты

Қазақ сахна өнерiн әлемдiк деңгейге көтеріп, мәртебесiн аспандатқан, сахналық шешiмдерiнiң тереңдiгiмен жаңашыл режиссер атанған өнер тарланы Болат Манашұлы Атабаевтың бірегей қойылымы, аты аңызға айналған «Мәңгілік бала бейне» қалпына келтіріліп, көрерменіне тағы бір мәрте жол тартты.

Спектакльде адамзат әлемінің бүгінгі тағдыр-бейнесі, моделі атомдық эксперименттің объектісі болған Қарауыл ауылы өмірінің ащы ақиқаты – мүгедек қыз Ләйлә және оның әлеуметтік ортасыарқылы зерделенеді.

Қарауылдың адамгершілік барометрі, табиғи рух сәулесі Ләйлә еді. Оған өз еркімен өмірден баз кештірген атом ғана емес, адамдар да. Спектакль финалында Ләйлә-Сұлулықтың дарға асылғанын көресіз. Адамдар Сұлулықты өлтірді, демек өз тамырына балта шапты. Ләйлә өлді – Қарауыл өлді. Қарауыл өлді – қазақ өлді... Болашақ бар ма, жоқ па?! Осы бір ащы ақиқат саналарына ұрған қарауылдықтардың финалдағы музыка, реквием-хор (Карл Орфф) атмосферасындағы жанталасы ғана үміт отын себездетеді.

Актерлік құрамда:

ЛӘЙЛӘ - Айша Ағымбай @agimbaevaa

ШӨКІШ - Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Ләззат Қалдыбекова @lyazzat_abish_

ҚАТИРА - Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Нұржан Бексұлтанова @beksultanovanurzhan

ҰЗЫНҒАЙША - Мадина Келгенбай @madina_kelgenbai

КҮЛӘЙ - Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Зәуре Көпжасарова @zaurekopzhasarova

БӘТИ - Майра Абсадықова @maira_absadykova

ШЫЛҒАУБАЙ - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмағали Маханов @zhumagali.makhanov

РАҚИЯ - «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлнұр Шыңғысова @gulnur_shyngys_actress

ҚАТША - Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Баян Қажынәбиева @alysovna

БОЛТАЙ - Райымбек Бекет @n.raiim

ПЫСЫҚАЙ - Қазақстан Республикасының «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты Жасұлан Байсалбеков @jasulan_baisalbekov

КҮЛӘШ - Ләйлә Тілеуова @leila_tleuova

ҚҰМАР - Нұрғиса Қуанышбайұлы @nuri_quanysh

АРТИСТ - Азат Тұрарбеков @azat_turarbekov

ҚАБЫЛ - Әлсейіт Есбатыр @alseitesbatyr

КЕЛІН - Захира Рахымжан @zahirarakhymzhan

ҚҰМАРДЫҢ ҚАЛЫҢДЫҒЫ - Ұлжан Райханова @raikhanovaaa_

ЕЛЕС - Зарина Каташева @__katasheva__