Помощь без выходных:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 человек за последний час интересовались этим событием.

«Сүйікті менің ағатайым» М. Әуезов театры гастрольдік сапармен Тараз қаласында

Купить билеты

А.П. Чеховтың «Сүйікті менің ағатайым» драмасы – өзектілігі қашанда жоғары туынды. Қойылымда ғасырлар тоғысындағы рухани катаклизмдер, бұрынғы өмір салт пен жаңа өмір салттың қайшылықтары, қоғам идеал-мұраттарындағы өзгерістер терең психологиялық көркем зердеден өтеді. Кейіпкерлерінің, әсіресе, Иван Войницкийдің тағдыры – жалған немесе күні өткен идеалдардың соңында жүрген және тіпті осынысын мақтан тұтып келген, әлі де тұтып жүрген бүтін бір ұрпақтың тағдыры. «Сүйікті менің ағатайымның» жаңаша көркемдік танымдағы бұл екінші қойылымы қазақы қоғам мұраттарының да озығы мен тозығын зерделеуге бастайтыны анық.

Актерлік құрамда:

Александр Владиморович - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Бақтияр Қожа

Елена Андреевна - Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Зарина Кармен @zarina_karmen

Софья Александровна (Соня) - Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Салтанат Бақаева @saltanat_bakayeva

Мария Васильевна - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Асқарова @shynaraskar

Иван Войницкий - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Азамат Сатыбалды @azamatc

Михаил Львович - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Берік Айтжанов @berik_aitzhanov

Илья Телегин - Ермек Бектасов @ermek.bektasov.7

Марина - «Құрмет» орденінің иегері Гүлшат Тутова @gulshattutova

Елес - Ұлжан Райханова @raikhanovaaa_