Людовико Эйнауди және Эннио Морриконе Павлодар қаласында
Сіздерді заманауи екі ұлы композитор - Людовико Эйнауди мен Эннио Морриконенің шығармашылығына арналған музыкалық сапарға шақырамыз.
Бұл кеш сізге жүректі тербейтін эмоциялар, әр нотасымен шабыт сыйлайтын әуендер мен ұмытылмас естеліктер тарту етеді.
Бағдарлама туралы:
Людовико Эйнауди - итальяндық заманауи композитор әрі пианист. Оның Una Mattina, Experience, Nuvole Bianche сынды шығармалары шынайылығымен, нәзік минимализммен және терең мелодиясымен тыңдарманды баурап алады. Табиғаттан және минимализм философиясынан шабыт алған Эйнаудидің музыкасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі жандардың жүрегінен орын тапты.
Эннио Морриконе - музыкалық тарихта өшпес із қалдырған аңыз тұлға. Оның Америкада бір кездері, Жақсы, жаман және жауыз, Миссия фильмдеріне жазған саундтректері әлемдік классикаға айналды. Морриконе оркестрлік өңдеулер мен ерекше тембрлерді шебер үйлесжандып, көрерменнің есінде мәңгілікке қалатын әуендер жасай білді.
Бұл концерт - әлемді шабыттандырған қос ұлы тұлғаның туындыларын жандыдей тыңдауға берілетін сирек мүмкіндік. Бұл кеш әр тыңдарманның жүрегінен өз естелігін, сезімін және сырын табарына сенімдіміз.
Орындаушылар туралы:
Jazi Orchestra - кәсіби, жанды дыбыстың қуаты және шығармашылық үйлесіммен ерекшеленетін шеберлі ұжым.
Бағдарлама камералық құрамда орындалып, Эйнауди мен Морриконенің сезім мен сырға толы музыкасын толық жеткізеді.
Көркемдік жетекші және продюсер: Жазира Әбдіғали - Аққұлова
Бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Әсем әуендер мен жанды тербететін жанды музыканың сиқырлы әлеміне ену мүмкіндігіен қапы қалмаңыздар!