тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

65 SEASON: GALA OPENING

Билет сатып алу

Биылғы маусымда өнер сүйер қауымға ұсынылатын шығармашылық бағыттар мен жаңашыл жобалар ерекше. Бұл кеште отандық эстрада жұлдыздары, танымал сахна шеберлері мен жас таланттар бас қосып, таңғажайып музыкалық шоу ұсынады.

Жаңа маусымда не күтеміз?

- көңіл көтеруге арналған алуан түрлі бағдарламалар;

- ұлттық мұра, жанды сүйемелдеуімен орындалатын әндер;

- заманауи эстраданың үздік туындылары;

- вокалдық және хореографиялық би қойылымдары;

- жанды дуэттер мен жаңа толқын, әлем саздары;

- арнайы аудитория үшін маусымдық концерттер;

- көпшілікке таныс туындылардың заманауи интерпретациясы.

65-концерттік маусымның ашылуында қазақ эстрадасының алтын қорынан үздік туындылар жаңаша әрленіп, заманауи аранжировкалармен тыңдарманға ұсынылады. Сондай-ақ, ұлттық және әлемдік опера, Абай және халық әндерінен попурри, танымал композиторлар туындылары, хореографиялық композициялар, бүгінгі күннің ең танымал трендтері мен музыкалық жанрларын тамашалауға болады.

Іс-шараға «GULDER» және «BIRLIK», «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «SAZ&SOUL» вокалды-инструментальды ансамблі, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы, «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры және Қазақконцерт әртістері қатысады.

Қазақконцерттің жаңа маусымы - бұл тек өнердің жарқын мерекесі ғана емес, мәдениетіміздің дамуына қосылған маңызды қадам, ұлттық өнеріміздің жаңа кезеңі.