Akmal’ Ақтөбе қаласында
Өтетін орны: Ақтөбе қ., «Өнер орталығы»
Күні: 13 қазан, 2025
Уақыты: 19:00
Ұзақтығы: 1,5 сағат
Akmal’ - әнші, музыкант, және өз хиттерінің авторы. Оның танымал әндері қатарында: «Из-за тебя», «По полюшку», «Вдоль дорог», «В моей крови», «Мир нам завидовал», сондай-ақ Юлианна Карауловамен дуэт «Девочка, не прощай» бар.
Әншінің бейнебаяндарын МУЗ-ТВ, RU.TV, Музыка Первого, Russian Music Box және басқа да музыкалық арналар тұрақты көрсетуде. Ал тректері Авторадио, Новое радио, Юмор ФМ секілді Ресейдің алдыңғы қатарлы радиостанцияларынан естіліп жүр.
Akmal’ - ең танымал тележобалардың қатысушысы. Олардың ішінде: «Маска 5», «Голос. Дети - 5», «Голос. Уже не дети», «Битва Поколений» (МУЗ-ТВ), «Конфетка» және тағы басқа жобалар бар.
Әртіс Кремль Сарайы, LIVE Арена, Crocus City Hall, VK Stadium, Горький саябағы, ВДНХ сияқты Ресейдің ең беделді сахналарында өнер көрсетіп жүр.
Akmal’-дың еншісінде миллиондаған стримдер мен беделді марапаттар бар:
- Жыл серпіні - Новое радио марапаты
- RU.TV арнасының «Звезды хайпа» жобасындағы жеңіс
- Fashion People Awards - Жыл жаңалығы номинациясы
- MODA TOPICAL журналы бойынша - Жыл дуэті
- Like Awards - Музыкалық инфлюенсер
- Жара 2024 жүлдесінің жеңімпазы, RU.TV 2024 номинанты
«AKMAL’ «Голос. Уже не дети» жобасында «Раневская» әнін орындап, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызу талқысына түсті. Бұл өнер көрсету әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинады