АНАМ СЕНСІҢ ТУҒАН ЖЕР
Қазақконцерт даңқты композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Анам сенсің туған жер» атты музыкалық кеш ұйымдастырады.
Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыка өнерінің тарихында өшпес із қалдырды. Ол 500-ден астам музыкалық шығармалардың авторы.
Концерттің ерекшелігі - ұлы композитордың қазақ музыка тарихындағы ерекше қолтаңбасын, ғасырлар көрінісін сипаттайтын жауҺар туындыларын көрсету.
Кеш барысында Н. Тілендиевтің әндері мен романстары шырқалып, туған жер, отбасы және махаббат тақырыптары кеңінен көрініс табады. Сондай-ақ, көрермен назарына композитордың халық сүйіп тыңдайтын шығармаларымен қатар, сирек туындылары да ұсынылады. Концерттік бағдарламада «Алатау», «Анам сенсің туған жер», «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың», «Ақ шағала», «Құстар әні» «Өз елім», «Кел, еркем, Алатауыңа», «Абай арманы» және т.б. шығармалары орындалады.
Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Салтанат Ахметова, «Құрмет» орденінің иегері Айзада Капонова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азат Мәлік, Мәдениет саласының үздігі Дина Мирманова, сондай-ақ, халықаралық байқаулардың лауреаттары Лаура Кумарханова, Нұрсезім Саматқызы, Ибраһим Амин, Талғат Аллабиринов және Нұрсұлтан Ануарбек қатысады.
Қазақ музыка мәдениетінің көрнекті тұлғасына құрмет көрсетуге арналған әдемі кештің куәгері болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Сокровище нации 3
Звёздный уикенд
