тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«АРЛЕЗИАНКА» «БОЗБАЛА және ӨЛІМ» «КАРМЕН»

Билет сатып алу
Билет сатып алу

«АРЛЕЗИАНКА»

(L'Arlésienne)

(Бір актілі балет)

Жорж Бизенің музыкасы (№ 1 және № 2 Сюиталар)

Альфонс Доденің аттас драмасы негізіндегі либретто

Ролан Петидің хореографиясы

Луиджи Бониноның қойылымы

 Ұзақтығы: 2 сағат 20 минут (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Арлезианка» француздық діни балеті – арманшыл жігіт, фермер әйелдің ұлы Фредеридің Арль қаласындағы (оқиға Францияның оңтүстігінде, Прованста өрбиді) «өткен өмірі күмәнді» әйелге деген сұрапыл құштарлығын баяндайтын драма. Қарапайым шаруа қызы Виветтаның махаббаты оны қатерлі құмарлықтан арылта алмайды.

Арлезианканың өзі сахнада көрінбейді: ол – жұмбақ, көзге көрінбейтін, бірақ іс-әрекетті айналасына шоғырландырған тартылыс орталығы. Драмада фермердің күнделікті тірлігінің көрінісі бейнеленіп, декорациялар Ван Гогтың арльдік пейзаждарын елестетеді. Хореографияда халық биінің рухы тұнған. Техникалық төзімділік пен мықты темпераментті талап ететін құштарлыққа толы ер адам монологы көпшілік қатысатын сахналардан кем әсер етпейді.

Бастапқыда 26 аспаптан тұратын оркестрге арнап жазылған партитура ықшамдылығы мен әсерлігі жағынан таңғалдырады – ол жарық пен оптимизмге толы, жеке қайғы-қасіретке қарамастан жеңіске бастайтын өмірге деген құштарлыққа ие.

«Арлезианка» ең сәтті заманауи балет қойылымдарының бірі ретінде танылып, әлемдік театрлардың сахналарында орасан зор табыспен өтуде.

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы дирижер –                                                                              Элмар Бөрібаев

Балет педагогы–                                                                       Джиллиан Уиттингем

Жарық бойынша суретші –                                                      Жан-Мишель Дезире

Сценография –                                                                                            Рене Аллио  

Костюмдер бойынша суретші –                                                          Кристин Лорен

Костюмдер тігу бойынша үйлестіруші – ­                                          Аурелия Лион

Қоюшы дирижердің ассистенттері –­       Арман Оразғалиев, Руслан Баймурзин

Декорациялар бойынша суретшінің ассистенті –                   Гүлмира Исемғазиева

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті –                            Дариға Тайшықова

Жарық бойынша суретшінің ассистенті –                                        Михаил Епанчин

Жобаның техникалық жетекшісі –                                                        Виктор Караре

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

                          Балет труппасының көркемдік жетекшісі –

                        Алтынай Асылмұратова, Ресейдің халық әртісі

«БОЗБАЛА және ӨЛІМ»

(бір актілі балет)

И.Бахтың музыкасы (Пассакалия және фуга до минор BW582)

 Либретто авторы – Жан Кокто

Хореография авторы - Ролан Пети

Әрлеу және оркестрге түсіру – Отторино Респиги

                                                 Луиджи Бониноның қойылымы

Премьерасы 1946 жылғы 25 маусымда Елисей алаңдары театрының сахнасында өтті

Хореографқа спектакль жасауға алғаш серпін берген Ролан Пети құрған «Елисей алаңдары балетінің» директоры Борис Кохно еді, ол дарынды биші Жан Бабилеге арнап бір актілі балет қоюды және либреттосын Жан Коктоға жаздыруды ұсынды. Белгілі ақын, драматург, романшы, суретші, киносценарист әрі кинорежиссер Кокто әп-сәтте сюжетін ойлап шығарып, Петиге кейіпкерлердің болашақ пластикалық сипаттамаларының белгілерін көрсетті. Балетті музыкалық және декорациялық безендіру идеясы да соған тиесілі.

Сюжеті қарапайым. Ғашықтық азабын шеккен кедей жас суретші сүйіктісінің келуін күтіп, сағатқа қарап қобалжи түседі, бірақ қыз келмейді. Ал Бозбаланың алдына келген кезде ол қыз кейпіндегі сұлбаның Өлім екенін түсінбейді. Тақырыптың экзистенциализмі соғыстан кейінгі Париж атмосферасына тән. Кейіпкер еңсесін езген жалғыздықтан құтылуға тырысады. Тек Өлім ғана оны жексұрын ақиқаттан өзге әлемге алып шығады.

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

 

Қоюшы дирижер –                                                                             Элмар Бөрібаев

Қоюшы балетмейстердің ассистенті –                                   Джиллиан Уиттингем

Суретші-сценограф –                                                                         Жорж Вакевич

Костюмдер бойынша суретші –                                               Варвара Каринская

Жарық бойынша суретші –                                                     Жан-Мишель Дезире

Костюмдер тігу бойынша үйлестіруші -                   Аурелия Лион /Aurelia Lyon

Қоюшы дирижердің ассистенттері -       Арман Оразғалиев, Руслан Баймурзин

Декорациялар бойынша суретшінің ассистенті –               Гүлмира Исемғазиева

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті –                        Дариға Тайшықова

Жарық бойынша суретшінің ассистенті –                                    Михаил Епанчин

Жобаның техникалық жетекшісі –                                                    Виктор Караре

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова

                       Балет труппасының көркемдік жетекшісі –

                     Алтынай Асылмұратова, Народная артистка России

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ,СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

«КАРМЕН»

(5 көріністі бір актілі балет)

Томи Дессер оркестрге лайықтаған Жорж Бизенің музыкасы

Ролан Петидің хореографиясы мен либреттосы

(Проспер Мерименің аттас новелласы негізінде)

Луиджи Бониноның қойылымы

Премьерасы «Париж балетінің» Ұлыбританияға гастролі кезінде

1949 жылғы 21 ақпанда лондондық Принц-театрда өтті

Атауына қарамастан, Ролан Петидің балеті Хозе жайында. Онда хореограф әйел сұлулығының жойқын табиғаты мен шынайы құштарлықтан ажырамас өлім тақырыбын өзінше өрбіткен. Қысқа бес көріністен тұратын спектакль (темекі фабрикасының қабырғасы жанындағы көше, таверна, Карменнің бөлмесі, контрабандашылар, аренаның артқы аулалары) қатігез, арсыз, мысқылшыл әрі азғын ортада сезімі тапталған соңғы романтик туралы баяндайды. Ал Кармен – оның кейіптеуі: әдепсіз әрі еліктіргіш, бетпақ та талғампаз, ұятсыз әрі жеңілтек... Хозе – сарбаз да, контрабандашы да емес. Ол Карменді өлтіру арқылы қорланған махаббаты үшін ессіз құмарлықпен күресті және арсыздықты жазалады.

Балет жанры – трагедия. Бұл Антони Клавенің керемет декорацияларында айқын байқалады. Хореография классикалық балеттің, испан стиліндегі қимылдардың, пантомиманың және әдеттегідей Петиге тән тұрмыстық пластиканың тамаша үйлесімі болып табылады.

«Кармен» балетінің премьерасы өте сәтті өтті. Спектакльдер төрт ай бойы Лондонда, екі ай Парижде және үш ай АҚШ-та үзіліссіз қойылды. Пети балетті Копенгагенде (1960), Гамбургте (1967), Гетеборгте (1969), Марсельде (1974 жылдан бастап репертуарында), Нью-Йоркте (1981), Лондонда (1986) және т.б. қойды. 1998 жылғы маусым айында Мариинский театрындағы премьерада бұған дейін Марсельде Кармен партиясын орындаған Алтынай Асылмұратова мен Ислом Баймурадов биледі.

Өзінің алғашқы 50 жылында Р.Петидің «Кармен» қойылымы әлем бойынша 5000-нан астам рет орындалып, Бизе операсына негізделген балеттердің ішіндегі ең жиі орындалатыны болып саналады.

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы дирижер –                                                                                  Элмар Бөрібаев

Балет педагогы–                                                                           Джиллиан Уиттингем

Костюмдер бойынша суретші және сценограф –                                   Антони Клаве

Жарық бойынша суретші –                                                          Жан-Мишель Дезире

Костюмдер тігу бойынша үйлестіруші -                        Аурелия Лион /Aurelia Lyon

Қоюшы дирижердің ассистенттері -                                              Арман Оразғалиев,

                                                                                                            Руслан Баймурзин

Декорациялар бойынша суретшінің ассистенті –                    Гүлмира Исемғазиева

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенті –                             Дариға Тайшықова

Жарық бойынша суретшінің ассистенті –                                        Михаил Епанчин

Жобаның техникалық жетекшісі –                                                         Виктор Караре

Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері –                  Алтынғаным Ахметова,

                                                                                                                 Айнұр Халелова

                           Балет труппасының көркемдік жетекшісі –

                            Алтынай Асылмұратова, Ресейдің халық әртісі

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ,СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.