Ғасырлар мұрасы
«Ғасырлар мұрасы»
концерті
(Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы және
Абайдың 180 жылдығына арналады)
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Қазақстандық классик композиторлардың туындыларынан құрылған «Ғасырлар мұрасы» концертін әртістер екі маңызды оқиғаға – Ата Заңымыздың және ұлы ақын, философ әрі ағартушының мерейтойларына арнайды. Абайдың әдеби және музыкалық шығармаларын концерт бағдарламасында Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шахимардан Әбілов пен «Астана Операның» жетекші солистері ұсынады.
Сонымен қатар Қазақстанның заманауи композиторларының ариялары, романстары, әндері мен аспаптық туындылары орындалады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Шахимардан ӘБІЛОВ, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (баритон)
Жұпар ҒАБДУЛЛИНА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)
Жан ТАПИН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)
Ғалия БАЙҒАЗИНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (сопрано)
Фортепиано партиясы – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Әнел ШӘКІРОВА (скрипка)
Курванжан АХАТОВ (виолончель)
Бекзат АХМЕРОВ (фортепиано)
БАҒДАРЛАМА:
А.Тоқсанбаев. «Дала нақыштары» (трио)
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.