Айна Мусина: жеке стендап-концерт
Stand up Astana шығармашылық бірлестігінің қатысушысы Айна Мусина көрермендерге өзінің жеке стендап-концертін ұсынады!
Сіздерді өзекті тақырыптар, қайталанбас харизма және бірнеше жыл бойы материалын шыңдаған тәжірибелі комиктің керемет орындауы күтеді. Оның әзілдері мен ерекше жеткізу мәнері ешкімді бейжай қалдырмайды. Монологтарында әрбір көрермен өзіне жақын бір дүниені табады. Айна заманауи әйел өмірі жайлы шынайы әрі астарлы әзілдейді: аналықтан бастап қарым-қатынас пен сыртқы келбетке дейін. Жас, денсаулық, отбасы дәстүрлері және тағы да көптеген тақырыптарда иронияға толы стендап. Концертке келіңіздер, бәрін өзіңіз көріп, сезінесіздер!
Аталған іс-шара тек қана көңіл көтеру мақсатында өткізіледі және ешкімнің сезімін қорлау, ренжіту немесе кемсіту ниетін көздемейді. Сахнада айтылатынның барлығы тек әзіл-сықақ түрінде ұсынылады. Билет сатып ала отырып, сіз осы ескертуді және төменде көрсетілген ережелермен толығымен келісесіз.
Іс-шара кезіндегі тәртіп ережелері:
1. Клуб ішінде кәдімгі немесе электронды темекі, басқа да шылым құрылғыларын шегуге болмайды.
2. Шоу кезінде комиктер мен басқа қонақтардың назарын бөлмеу үшін жай дауыспен (сыбырлап) сөйлесіңіз. Ережеден тыс жайт - егер комиктің өзі сізге сөз берсе ғана болады.
3. Сахнада комиктер кейде бейәдеп сөздерді әзіл ретінде қолдануы мүмкін, бұл олардың стилінің бір бөлігі, мұны жеке қабылдамаңыз.
4. Шоуды видеоға түсіруге немесе суретке түсіруге болмайды, тек жүргізуші арнайы рұқсат берсе ғана.
5. Егер клубқа алкогольді ішімдік немесе есірткі әсерінде келсеңіз, билетіңіз болса да ішке кіргізілмеуіңіз мүмкін.
6. Өз тамағыңызды және сусыныңызды алып келудің қажеті жоқ, клубта бар мен асүй жұмыс істейді.
7. Клубқа 18 жастан бастап кіруге болады. 15 жастан асқан балалар тек ересектермен (заңды өкілдерімен) бірге жіберіледі. Алкоголь тек 21 жастан асқандарға сатылады.
Бұл ережелер сіз бен барлық қонақтардың жайлылығын қамтамасыз етеді. Түсіністікпен қарағаныңыз үшін рақмет!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

