«Аққу көлі» балеті Қостанай қаласында
Балеттің оқиға желісі рыцарлер дәуірінде өмір сүрген ханзаданың сиқыр арбауына ұшыраған сұлу қызға деген мінсіз әрі таза махаббат туралы шырқайды. Шебер қимылдар, ырғақты да керемет адажио, таңғажайып синхрондық пен орындаушылық көркемділік. Әрбір әрекет қайталанбас сезімдер толқынын оятары сөзсіз. Сахна безендіруі ортағасырлық сарайдың атмосферасына баурай түсіп, бейнені одан әрі ажарлы етеді.
«Классикалық орыс балеті» - мәскеулік классикалық би труппасы. Белсенді шығармашылық өмірінде компания өзін Ресейдегі балет мектептерінің үздік өкілдері, дарынды болашағы бар жастар мен еңбек сіңірген би шеберлері кірген кәсіби дамушы ұжым ретінде танытты. Бүгінгі таңда балет труппасының негізін Мәскеу хореография академиясының, А.Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясының (Санкт-Петербург) және Ресейдің басқа да танымал балет мектептерінің түлектері құрайды. Классикалық орыс балетінің ұжымын қалыптастыруға оның көркем жетекшісі, театрдың солисі Хасан Усманов қатысқан болатын.
«Аққу көлі» балетін орыс классикасының інжу-маржаны десек, артық болмас, себебі оны мойындалған жоғары өнер туындысы деп еш күмәнсіз айта аламыз. Ғашықтарды сынаққа алған қиыншылықтар мен кедергілерге толы нәзік те көркем махаббат дастанын қарсы алыңыздар.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

