тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

БАЯДЕРА

Билет сатып алу

21-24 тамызда Қарағанды академиялық музыкалық

комедиялық театрының гастролі 

«БАЯДЕРА»

И.Кальман  

2 көріністі оперетта

 Ұзақтығы – 2 сағат 20 мин

Жас шектеуі 5+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Либретто: Елена  Езерская

Спектакль премьерасы 2003 жылғы 30 тамызда өтті.

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ      

Музыкалық жетекші әрі дирижер – В. Богданов

Режиссер – Л.Налетова (Ресей, Мәскеу)

Қоюшы суретшіТ.Спасоломская (Ресей, Мәскеу)

Қоюшы балетмейстер – М.Лепилина (Ресей, Мәскеу)

Бас хормейстер – Татьяна Штыкова 

 «Баядера» – Кальманның 1921 жылы Венада жарық көрген ең танымал оператталарының бірі, аталмыш туындының пайда болуы еуропалықтардың экозотикалық, атап айтқанда үнді сәніне қызығушылық танытуымен тікелей байланысты. Кальманға тән венгр ырғақтармен қатар, «Баядера» музыкасына джаз элементтері, бостон вальсінің ырғағы, шимми және шығу тегі америкалық басқа да билер енген.

Баядера Одетта үнді ханзадасы Раджамиге ессіз ғашық, ал жігіт болса, қыз үшін лагорлық князьдердің шетелдік аруларға үйленуге тыйым салатын ежелден қалыптасқан заңдарын аттап өтуге дайын. Сөйтіп, ханзада тақтан бас тартады. Одетта үлкен құрбандыққа барады: сөз салған жігіттің бетін қайтарып, оған деген сезімінің жоқтығын білдіреді. Көңілі түскен Раджами кетуге ыңғайланады, ал Одетта болса, жасаған амалының терістігін түсінеді. Ғашықтардың жүрегі жаралы. Бірақ кенеттен некелеріне рұқсат беріледі. Барлығы да бақытты. Имре Кальманның сиқырлы әуені Шығыс әлеміне жетелейді, мұнда шындық пен арман, орхидея гүлінің хош иісі мен өткір сөздер, махаббат құдіреті мен қоршаған ортаның күнделікті тіршілігі, ғажайып өзгерістер мен күтпеген тосынсыйлар орын алады. Дегенмен, соңы опереттаға тән – әдемі әрі жарқын аяқталады. Оқиғадағы барша іс-әрекет ауыспалы мағынада «Әйел нені қаласа, Құдай да соны қалайды» деген нақыл сөзбен пара-пар.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.