Людвиг ван Бетховен: Жетінші симфония. Алан Бөрібаевпен бірге оқиға-концерт
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ және ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
Шын мәнінде музыка қалай үн қатады деп бір сәтке ойланып көрдіңіз бе? Бетховеннің Жетінші симфониясы – Гетенің әдебиеттегі шығармасы не болмаса Делакруаның көркемөнердегі картинасы іспетті жауһар туынды: пішіні бойынша ғаламат, ішкі қуат пен нұрға толы.
Маэстро Алан Бөрібаев өзінің жаңа авторлық жобасында жанды орындауды ұсынып әрі өз пікірін білдіре отырып, қарапайым сарын мен ырғақтан тұтас, шабыт тұнған туынды дүниеге келетінін көрсету үшін осынау ұлы симфонияның ішкі әлеміне жетелейді.
Бірінші аккордтан бастап соңына дейін Жетінші симфония қуаты тыңдарманның тұла бойын кернеп, баурап алады. «Астана Опера» симфониялық оркестрі шығарманы керемет орындайды.
Сонымен бірге театрдың тамаша солистері концерттің сәнін келтіреді.
БАҒДАРЛАМА:
Людвиг ван Бетховен. №7 симфония, ля мажор, шығ.92
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Опера солистері
«Астана Опера» симфониялық оркестрі
Дирижер әрі жүргізуші, маэстро – Алан БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.