тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram

Диана Вишневаның қатысуымен «Шаһерезада» спектаклі Алматыда

Диана Вишнёва «Шахерезада» балетінде - Алматыдағы Ballet Globe ұсынатын маусымның басты мәдени шарасы 

 

Халықаралық Ballet Globe би фестивалі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры классикалық бидің тілін түбегейлі өзгерткен гений Михаил Фокиннің балеттеріне арналған эксклюзивті кешті ұсынады.

26 және 28 қыркүйекте кештің басты жұлдызы - заманауи балет әлеміндегі ең ықпалды әрі танымал балериналардың бірі Диана Вишнёва. Мариин театрының примасы, ерекше сахналық харизмасы бар Вишнёва, терең ішкі сезім мен жоғары техникалық шеберлікті талап ететін Шехеразада партиясында өнер көрсетеді. Оның серіктесі - Үлкен театрдың премьерасы Владислав Лантратов. Бұл дуэттің бір сахнада өнер көрсетуі - көрермен үшін сирек кездесетін мүмкіндік әрі әлемдік деңгейдегі мәдени іс-шара.

Бағдарламада:
І бөлім - «Шопениана», Шопен музыкасына қойылған нәзік лирика мен поэзияға толы хореография.
ІІ бөлім - «Шехеразада», Римский-Корсаковтың музыкасына жазылған сезімге толы, әсерлі қойылым.

Михаил Фокин - ХХ ғасырдағы балет революциясының бастауында тұрған реформатор. Оның туындылары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ: олар адам жаны, драма және рухани тереңдік туралы сыр шертеді. Кешті Абай театрының симфониялық оркестрі, бас дирижёр Нұржан Байбусиновтің жетекшілігімен сүйемелдейді.

Диана Вишнёва әлемдік балет тарихына енген аңызға айналған партияда өнер көрсететін осынау керемет кештен қапы қалмаңыздар!