Дина Рубина Алматыда
Дина Рубина — Алматыда!
09 қазан — мәтін дем алып, дауыс естіліп, кітап беттері сахнада тірілетін кеш.
Қазіргі заманғы жазушылардың ішінде өз шығармаларын осындай шынайы әртістік шеберлікпен оқи алатындар аз. Екі сағат білдірмей өте шығады: Дина Рубина залдың назарын оңай ұстайды, оның еркін интонациясы, әзілі, оқуының драмалық шиеленісі көрермендерді баурап алып, кездесудің соңғы минутыныа дейін жібермейді.
Әдеби концерт жанры Дина Рубинаның ғажайып әлемдеріне сүңгуге мүмкіндік береді. Оның авторлық орындаудағы мәтіндері – бұл барлық нюанстары мен реңктеріндегі ең нәзік, қайталанбас стильдің, көзден жас аққызатын әзілдің және өмір туралы әңгіменің терең даналығының керемет бірлігі.
Иә, ол жаңа трилогия жазып жатыр.
Кейіпкері — дизайнер Жорка.
Бірінші кітап, «Мальчики», жарыққа шығып, оқырмандардың жүрегін жаулап, сөрелерден орын алып үлгерді.
Соғыс алдындағы уақыт.
Данышпан сағатшы, ол үшін уақыт — тек мамандық емес, философия. Және қазына жасыру өнері. Тек жерге ғана емес, жандарға да.
Әдеби концерт. Дина Рубина. «Жаңа кейіпкерлер. Жаңа құпиялар. Жаңа тағдырлар»
Трилогияның әлі жарық көрмеген екінші томынан мүлдем жаңа әңгімелер оқылады: «Дизайнер Жорка. Күміс кені.»
Бұл кеш құпиясы бар, жақсы бапталған қобдиша сияқты үндейтін болады. Ашсаң — жоғаласың.
Кеш соңында қолтаңба-сессиясы өтеді. Залдан қойылған сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

.jpg?w=220&h=300)