Достық жолы
2025 жылғы 29 қараша күні сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында «Шалқыма» халық би ансамблі «Достық жолы» атты концерті өтеді.
Кештің мақсаты – қазақ би өнерінің көркем болмысын таныту, халықтар арасындағы мәдени байланыстарды насихаттау. Бағдарламада дәстүрлі және заманауи қойылымдар үндестік тауып, әр елдің ұлттық би пластикасы сахна төрінде тоғысады.
Концерт барысында «Інжу маржан», «Керім ай», «Қосалқа», «Бала Ертіс», «Келіншек», «Япурай» сынды қазақ хореографиясының таңдаулы туындыларымен қатар, Башқұрт, Тәжік, Қалмақ, Монғол, Қырғыз, Татар, Ұйғыр билері орындалады.
Сахналық қойылымдарды ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет үздіктері мен шетелдік хореографтар дайындады. Әрбір би арқылы әр халықтың болмысы, мінезі мен өмір салты көркем өрнекпен жеткізіледі.
Кешке «Шалқыма» халық би ансамблімен бірге «Құрмет» орденінің иегері Нұрай Танабаев пен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан, Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы жанындағы «Сарыарқа» халық музыка ансамблі қатысады. Би мен музыка үндестігі көрерменге эстетикалық әсер сыйлайды.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
