Фрида
Әйел бейнесін ашып көрсетеміз. Гүлден тоқылған тәж киіп, инстаграм мен тик-токты жаулап алған жалған бейнені емес. Аяғынан айырылып, өмірдің азабы мен махаббатын өнеріне сыйдырған, сюрреализм мен ретаблоның арасында өз жолын тапқан, күйеуінің көңілдестерімен ашық сөйлескен, Нью-Йорктің биік сахналарын бағындырған, ал есік алдында «лас мексикалық» деп менсінбей кіргізбеген портьемен айқасқан шынайы Фриданы көрсетеміз.
Махаббатты әнмен шертеміз, азапты бимен сөйлетеміз, әйел тағдырының ащы шындығына назар салдырамыз. Өмір - махаббат, махаббат - азап, азап - Құдай, Құдай - өмір…
Қосымша: Спектакльдің ерекше атмосферасын сақтау үшін қойылым басталған соң залға кіруге рұқсат берілмейді. Өкінішке қарай, кешігіп келген көрермендер кіре алмайды (билеттер жарамсыз деп есептеледі).
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

