ТҮРКСОЙ XXVII Опера күндері
ТҮРКСОЙ-дың XXVII Опера күндері аясында
Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Венгрия, яғни түркі әлемінен келген солистердің қатысуымен
ГАЛА-КОНЦЕРТ
ТҮРКСОЙ -дың
XXVII ОПЕРА КҮНДЕРІ
18 МАУСЫМ, 2025 ЖЫЛ, САҒАТ 19:00
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры
Абай атындағы ҚазҰОБТ симфониялық оркестрі
Дирижерлер:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ЕРБОЛАТ АХМЕДИЯРОВ
ҚУАНЫШ ИСМАЙЫЛОВ
Қазақстанда, Кыргызстанда, Узбекистанда «XXVII Түркі опера өнері фестивалі» өтеді
2025 жылдың 11–25 маусымы аралығында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанда «XXVI Түркі опера өнері фестивалі» өтеді. Ауқымды мәдени шара Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының бастамасымен және ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің қолдауымен ұйымдастырылады.
Фестиваль шеңберінде әлемге танымал түркі елдерінің опера солистері мен оркестрлері бір сахнада өнер көрсетеді. Концерттер мына қалаларда өтеді:
• Актау қаласы (Қазақстан) – 11–15 маусым
• Алматы қаласы (Қазақстан) – 16–19 маусым
• Бішкек қаласы (Қырғызстан) – 19–22 маусым
• Ташкент қаласы (Өзбекстан) – 22–25 маусым
Қазақстан тарапынан Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры, шығармашылық ұжымдары қатысады. Қойылымдар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. Фестиваль барысында ұлттық және әлемдік классикалық шығармалар орындалады.
Сонымен қатар, 18 маусым күні Алматыда ТҮРКСОЙ жанындағы түркі елдерінің опера және балет театрлары директорлары кеңесінің IV отырысы өтеді. Кеңес мүшелері театр өнері саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылайды.
TҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев бұл мәдени жоба түркі әлемінің өнерін дәріптеуге және халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Қосымша ақпарат:
TҮРКСОЙ түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған халықаралық ұйым. Штаб-пәтері Түркия астанасы Анкара қаласында орналасқан.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:


