Идрак Мирзализада Алматы қаласында
Танымал стендап-комик Идрак Мирзализаде Almaty Central Stand up club сахнасында өнер көрсетеді! Идрак - қоршаған шындықты және юморды шебер ұштастыра отырып, көрерменді қазіргі өмір жайлы тереңірек ойлануға итермелейтін комик.
Аталған іс-шара тек қана көңіл көтеру мақсатында өткізіледі және ешкімнің сезімін қорлау, ренжіту немесе кемсіту ниетін көздемейді. Сахнада айтылатынның барлығы тек әзіл-сықақ түрінде ұсынылады. Билет сатып алу арқылы сіз осы ескертуді және төменде көрсетілген ережелерді толығымен қабылдайсыз.
Іс-шара кезіндегі тәртіп ережелері:
1. Клуб ішінде кәдімгі немесе электронды темекі, басқа да шылым құрылғыларын шегуге болмайды.
2. Шоу кезінде комиктер мен басқа қонақтардың назарын бөлмеу үшін жай дауыспен (сыбырлап) сөйлесіңіз. Ережеден тыс жайт – егер комиктің өзі сізге сөз берсе ғана болады.
3. Сахнада комиктер кейде бейәдеп сөздерді әзіл ретінде қолдануы мүмкін, бұл олардың стилінің бір бөлігі, мұны жеке қабылдамаңыз.
4. Шоуды видеоға түсіруге немесе суретке түсіруге болмайды, тек жүргізуші арнайы рұқсат берсе ғана.
5. Егер клубқа алкогольді ішімдік немесе есірткі әсерінде келсеңіз, билетіңіз болса да ішке кіргізілмеуіңіз мүмкін.
6. Өз тамағыңызды және сусыныңызды алып келудің қажеті жоқ, клубта бар мен асүй жұмыс істейді.
7. Клубқа 18 жастан бастап кіруге болады. 15 жастан асқан балалар тек ересектермен (заңды өкілдерімен) бірге жіберіледі. Алкоголь тек 21 жастан асқандарға сатылады.
Бұл ережелер сіз бен барлық қонақтардың жайлылығын қамтамасыз етеді. Түсіністікпен қарағаныңыз үшін рақмет!