Қазақтың қорқынышты ертегілері
Қазақстандағы жалғыз индустриялық сериалдар фестивалі - Almaty Series Festival шымылдығын «Қазақтың қорқынышты ертегілері» жобасының алғашқы үш бөлімі ашады. Бұл - халқымыздың мифтері мен ырым-тыйымдарына негізделген, dark fantasy мен детектив жанрындағы тұңғыш қазақстандық сериал.
Қорқыныш антологиясы қазірдің өзінде Канада, Франция, Австрия және Германиядағы халықаралық сыншылар мен фестивальдердің жоғары бағасын алды. «Твин Пикс» пен «Нағыз детективпен» салыстырылуы - жобаның әлемдік деңгейдегі құбылыс екенін айқындайды.
Тұсаукесерден қапы қалмаңыздар! Билет сатып алып, Қазақстанның мәдени серпілісіне айналған осы сериалды алғашқылардың бірі болып тамашалаңыз. Көрсетілімнен кейін Қызыл залда режиссер Әділхан Ержанов бастаған актерлер мен шығармашылық топпен Q&A-сессия өтеді.
Сюжет желісінің өзегінде - Қаратас ауылынан шыққан полицей. Ол тылсым әрі үрейлі кісі өлімдерін тергейді. Көрерменді қазақ фольклорындағы ежелгі құбыжықтар, қарғыс атқан мекендер мен түсініксіз жоғалулар күтіп тұр.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
