тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Қазақстан композиторларының шығармаларынан концерт

Билет сатып алу

Құрметті өнер сүйер қауым!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі сіздерді 8 қазан күні сағат 19:00-де өтетін ерекше музыкалық кешке шақырады.

Кеште Қазақстан композиторларының үздік шығармалары, ел есінде сақталған есті әндер орындалады. Концерт қазақ музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың мерейтойларына арналады:

·         Евгений Брусиловский – 120 жыл

·         Нұрғиса Тілендиев – 100 жыл

·         Тұманбай Молдағалиев – 90 жыл

·         Шәмші Қалдаяқов – 95 жыл

·         Қадыр Мырза Әлі – 90 жыл

·         Ескендір Хасанғалиев – 85 жыл

Кеш қонақтары:
Жеңіс Ысқақова, Саят Медеуов, Әлішер Каримов, Бақыт Шадаева, Асхат Үрпеков

Оркестрдің көркемдік жетекшісі: Батыржан Мықтыбаев
Бас дирижер: Абылай Тілепберген
Дирижерлар: Жексен Айсын, Нарын Қажығали