тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«RETRO VIBE» концерттік бағдарламасы

Билет сатып алу

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! 15 қазан күні сағат 19.00-де «Жастар» сарайының төрінде «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің «RETRO VIBE» концерті өтпек.

Концерттік бағдарламада «Вальс королі» Шәмші Қалдаяқовтың танымал әндері орындалады. Сондай-ақ, белгілі мелодист, композитор Құрмаш Маханның әндері, ұлы гитарист Сантана, Рей Чарльз, Джеймс Браун, Джордж Майклд, Глория Гейнор, аты аңызға айналған «Pink Floyd» тобы, «Рок-н-ролл патшайымы», Тина Тернер, АВВА және «Кино» танымал топтары, Юрий Антонов, «Сан-Ремо» фестивалінің әндері сияқты әлемдік хиттер паш етіледі.

Концертке қатысатындар:

«Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрі. Көркем жетекшісі - Ержан Исин, бас дирижері - Қасым Айтбаев, дирижері - Әліби Әбдинұров. Солистер: ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Құсайынов, Жан Тапин, Құрмаш Махан, Ермек Магавин, «Құрмет» орденінің иегері Н.Сапарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмәдиев, Халықаралық байқауларының лауреаттары Өнер Құлов Асет Қасайынов, Евгений Ботников, Татьяна Ким, Марат Нығматов және Зарина Божакова