тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

Корсар

Билет сатып алу
Билет сатып алу

Адольф Адан

«КОРСАР»

Прологы мен Эпилогы бар 2 бөлімді балет

Ұзақтығы – 2 сағат (бір үзіліспен)

Жас шектеуі 10+ екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз

Дирекция орындаушыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Мариус Петипаның хореографиясы, Алтынай Асылмұратованың редакциясы

(Петр Гусевтің хореографиясы қолданылған)

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ

Қоюшы хореограф – Алтынай АсылмұратоваРесейдің Халық әртісі, «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі

Қоюшы дирижер – Арман Оразғалиев

Қоюшы хореографтың ассистенттері – Константин ЗаклинскийРесейдің еңбек сіңірген әртісі / Елена Шерстнева

Музыкалық редактор – Долорес Үмбетәлиева

Қоюшы сценограф – Эцио Фриджерио

Костюмдер бойынша суретші – Франка Скуарчапино

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио Металли

Жарық бойынша суретші – Якопо Пантани

Байронның аттас поэмасы бойынша құрылған «Корсар» балеті оның романтикалық жайма-шуақтығын, еркіндікке құштар рухын, қуатты ынтызарлығын сақтап қалған. Теңіз қарақшылары – корсарлардың махаббат пен зұлымдық сәттері, сараң саудагердің күлкілі әрекеттері және «Жаңғырған бақтың» романтикалық көріністері орын алған өмірлік сюжет көрермендер арасында үлкен жетістікке ие.

Бұл классикалық балет репертуарының інжу-маржаны әлемнің барлық айтулы театрларының сәнін келтіруде, себебі осы жауһар туынды әртістерге барлық партияларда балет техникасымен де, драмалық дарынымен де жарқ етуге мүмкіндік береді.

 «АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, МИМАНСЫ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттерді спектакльдер болмайтын немесе күні ауыстырылған жағдайда ғана ауыстыруға немесе қайтаруға болады. Барлық басқа жағдайларда қайтару және ауыстыру жүргізілмейді.