Жарқырау 3. ОПЕРА + ЖҰЛДЫЗДЫ ДУЭТТЕРДІҢ ХИТТЕРІ
Билеттер қайтарылмайды және ауыстырылмайды.
Көзіңізді жұмып көріңізші: жан-түршігерлік, тебірентер дауыстар. Жүрек тербеткен сүйікті әндер - бұрын-соңды естімеген ерекше орындауда. Әуен басталған сәттен-ақ өзіне баурап алатын әсерлі шоу.
Енді көзіңізді ашыңыз - бұл түс емес!
16 маусым, сағат 19:00-де, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында есте қаларлық концерт өтеді.
НЕЛІКТЕН БҰЛ КОНЦЕРТКЕ БАРУ КЕРЕК?
Уитни Хьюстон мен Эрос Рамазотти, Мэрайя Кэри, Энни Леннокс пен Eurythmics, Дженнифер Лопес пен Андреа Бочелли, Алессандро Сафина сынды жұлдыздардың дуэттері жаңа өңдеуде шырқалады.
«Призрак оперы», «Травиата» сынды классикалық қойылымдардан үзінділер, жүрек тебірентетін опералық дуэттер ұсынылады.
Ұмытылмас дауыстар.
Денені түршіктірер энергия.
Жан тербер үн.
Музыканың сиқырын сезінуге мүмкіндік беретін атмосфера.
Жүрегіңіз әлдеқашан дүрсілдей бастады ма?
САХНАДА ӨНЕР КӨРСЕТЕТІНДЕР
Dasty Band - топ солисі әрі скрипкашы Әсел Дастенова
Опера және балет театрының солистері:
Фархад Құбиев (тенор) - Абай атындағы ҚҰОБТ солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория түлегі
Мақсат Саматов (баритон) - Абай атындағы ҚҰОБТ солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория түлегі
Наталья Мезина (сопрано) - Абай атындағы ҚҰОБТ солисі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Италиядағы «Vissi darte Vissi damore» опера әншілерінің халықаралық академиясында тағылымдамадан өткен, Дитрих Эрбелдинг жобасына қатысушы (Алматыдағы Сиқырлы Флейта)
Халид Орынқұл (тенор) - Жамбыл атындағы филармония солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, 2021 жылғы Orphey академиялық вокал байқауының жеңімпазы
Аяжан Қуанышалиева (сопрано) - Абай атындағы ҚҰОБТ солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты
Азиза Әбдрейм (сопрано) - Жамбыл атындағы филармония солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты
БИЛЕТТЕР ЖЫЛДАМ ӨТУДЕ!
Жаздың ең әсерлі музыкалық оқиғасының бір бөлшегі болуға асығыңыз.
Сізге мәңгі есте қалатын эмоциялар сыйлаңыз!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

