Скрипкадан контрабасқа дейін
«Гаджетсіз уақыт» балаларға арналған концерттер топтамасы
«Скрипкадан контрабасқа дейін»
(Симфониялық оркестр аспаптарымен танысу)
Төртінші концерт
КОНЦЕРТ ОРЫС ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Гаджетсіз уақыт» топтамасынан «Скрипкадан контрабасқа дейін» төртінші концерті кез келген симфониялық оркестрдің негізі – ішекті аспаптар тобымен таныстыруға арналған. Бұл жолы біз нәзік те әуезді скрипкадан қуатты да ізгі контрабасқа дейінгі ішекті аспаптар әлеміне қызықты саяхат жасаймыз.
Жүргізушімен бірге балалар танымал әуендерді тыңдап қана қоймай, музыкалық аспап ысқысының құлағынан айырмашылығы, контрабастың неге соншалықты үлкен екені және осындай сан алуан аспаптар ортақ үйлесімге қалай келетіні туралы танымын кеңейтеді.
Бұл уақыт классикалық музыка әлеміне тамаша кіріспе болып, оркестрдің үлкен әрі тату отбасы екенін паш етпек.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Аспапшы солистер
Ішекті аспаптар квинтеті
Фортепиано партиясы – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Музыкатанушы – Маржан ЖӘКЕНОВА
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.