Ғасырларға жалғасқан сүйіспеншілікпен
«Ғасырларға жалғасқан сүйіспеншілікпен»
вокалдық классика кеші
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Ғасырларға жалғасқан сүйіспеншілікпен» вокалдық классика кешін әнсүйер тыңдарманға операның жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Ниязова және Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен «Астана Опера» камералық оркестрі ұсынады.
Көзі қарақты көрермен Айгүл Ниязованы Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» және «Богема», М.Төлебаевтың «Біржан – Сара», Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» және басқа да опералардағы басты партиялардың орындаушысы ретінде жақсы таниды. Оның жұмсақ та нәзік сырға толы ашық әрі қуатты дауысы тыңдармандарды шынайылығымен, драматизмімен баурап алады. Оның сомдаған сахналық бейнелері көрермен жадында ұзақ сақталады.
Жаңа театр маусымында Айгүл Ниязова спектакльдерге қатысып қана қоймай, бағдарламасына опералық ариялар мен романстар енетін екінші жеке концертін ұсынады.
Оркестрдің орындауындағы симфониялық классика да вокалдық кештің сәнін келтірмек.
Концерт көрермен қауымға жарқын эмоциялар мен шабыт сыйлайды деген сенімдеміз!
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Солист – Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)
«Астана Опера» камералық оркестрі
Дирижер – Руслан БАЙМУРЗИН
БАҒДАРЛАМА:
В.А.Моцарт, Ф.Шуберт, Р.Шуман, Ф.Лист, Р.Штраус, М.Глинка, П.Чайковский, С.Рахманинов және т.б. ариялары мен романстары.
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.