Сағынам (2025)
«Разбой» фильмінің авторларынан - махаббат, өкініш пен жүректе қалған іздер жайлы туынды.
Сұлтан мен Камила - бір көргеннен бір-біріне тартылған мінсіз жұп. Екі жыл бойы олардың қуанышы, армандары мен мақсаттары ортақ болып келді. Алайда Сұлтан бір сырды жасырып жүр: оның әйелі мен кішкентай ұлы бар. Ащы шындық ашылған сәтте, Камиланың әлемі күйрегендей болады.
Жаралы әрі сатқындықты кешіре алмаған Камила кек алмақ болып, алғаш ұсыныс жасаған адамға тұрмысқа шығады. Сұлтан үмітсіз күйде әйелінен ажырасады, бірақ бұл ісімен ұлынан да айырылады, бала анасымен бірге қалады.
Сұлтан Камиланың кешіруін күтеді. Бірақ бәрі тым кеш: Камила жаңа күйеуінен жүкті болды және өз некесінің шырқын бұзғысы келмейді. Бір кездері қос аққудай мінсіз жұп болған оларды тағдыр екі жаққа ажыратты.
Өтірік пен тәкаппарлықтың құрбаны болған ғашықтар ендігіде өздерінің тәтті де баянды махаббаттарынан қалған естеліктерден ғана жұбаныш таба алады...
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

.jpg?w=220&h=300)