Шелби Оукс (2025)
Шығарылған жылы: 2025
Өндіріс елі: АҚШ
Режиссер: Крис Стакман
Актерлер: Камилл Салливан, Брендан Секстон III, Кит Дэвид, Майкл Бич
Жанр: хоррор
Жас шектеуі: 18+
Премьера күні: 30 қазан, 2025 жыл
«Сайлент Хилл» сарынындағы мистикалық қорқынышты фильм, «Жан жинаушы», «Бір бүтін» және «Маймыл» туындыларының авторларынан
Он екі жыл бұрын Райли Бреннан достарымен бірге тастанды қалашыққа айналған Шелби Оукс қаласына аттанып, із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Сол жоғалудың жаңа деректерін білген сәтте, оның әпкесі Мия тастанды мекеннің құпиясын ашу үшін қалаға өзі баруға бел буады. Алайда бірте-бірте шынайылық пен тылсым әлемнің арасындағы шекара жойыла бастайды, енді Мия өз отбасын әлі күнге жібермей жүрген өткеннің жындарымен бетпе-бет келуге мәжбүр болады.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Багровый рассвет (2024)
