Роберто Молинелли симфониялық шоуы
Бағдарлама:
31 мамыр: «SANREMO-ның алтын хиттері»
Адриано Челентано, Аль Бано мен Ромина Пауэр, Ricchi e Poveri, Андреа Бочелли, Джанни Моранди, Тото Кутуньо, Пупо, Риккардо Фольи, Эрос Рамазотти есімдерін даңққа бөлеген әндер! – бұл шығармаларды Италиядан келген солистер Антонелло Кароцца, Кларисса Вики және Фабио Курто орындайды.
1 маусым: «Роктың алтын хиттері»
Queen, Beatles, Kiss, Pink Floyd, Metallica, Scorpions, Led Zeppelin, Europe және т.б. рок аңыздарының әлемдік хиттерін Симоне Романато (Италия) мен Йоган Бодинг (Швеция) орындайды.
Екі концерт те «Астана Балет» театрының оркестрімен сүйемелденеді.
Соло-гитара - Риккардо Бертоццини (Италия).
Музыкалық шоудың жүрегі - атақты итальян композиторы және дирижер Роберто Молинелли. Ол Хосе Каррерас, Андреа Бочелли, Анна Катерина Антоначчи, Лучо Далла секілді әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген. «Sanremo» фестивалінде жылдар бойы аранжировщик, дирижер және қазылар алқасының төрағасы болған. Қазір Джоаккино Россини атындағы симфониялық оркестрдің жетекшісі.
Қатысушылар туралы қысқаша:
Антонелло Кароцца - «Сан-Ремо» фестивалінің қатысушысы, «New Wave» (Юрмала) байқауында 2 орын, «Евровидение-2010» финалисі. Оның әні «Il Volo» триосына Sanremo-2019 байқауында 3-орын әкелді.
Кларисса Вики - Италияда бірнеше марапат иегері, сондай-ақ Нью-Йорктегі Italian Song Festival жүлдегері.
Фабио Курто - танымал композитор және әнші, 2015 жылы Италияның «Голос» байқауында жеңіске жетті.
Йоган Бодинг - Швецияда телехикаялар мен мюзиклдер арқылы танымал, «Евровидение-2013»-те швед әртісімен бірге өнер көрсетті.
Симоне Романато - Италия мен Еуропада табысты өнер көрсетіп жүрген әнші, маэстро Молинеллимен ұзақ уақыт бойы бірлесе жұмыс істеп келеді.
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:

