Спасибо
«Спасибо» - Мәскеуден шыққан инди/эмо/шугейз жанрындағы топ. Олар көрермендерді бір мезгілде жылатып, билете алатын әсерлі тірі орындауларымен танымал.
Топтың алдыңғы Терпение («Төзім») атты альбомы 2021 жылдың соңында жарық көріп, @spasiboband сол альбоммен Ресейді және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерін аралап шықты. Осы үш жыл ішінде топ мүшелері бірнеше елге қоныс аударып, қазіргі тұрақтары - Белградта жаңа DOM альбомын жазып шықты.
3 мамырда Шымкентте музыканттар DOM альбомының тұсаукесерін өткізеді. Үлкен сетте жаңа 8 трекпен қатар алдыңғы альбомдардағы ең танымал әндер де шырқалады.
DOM - үш жылдық еңбектің, өзін-өзі қайта іздеудің және эмо-рок, нойз-рок пен шугейз жанрларының тоғысындағы музыкалық эксперименттердің жемісі. Ресейдегі белгілі оқиғаларға байланысты еріксіз қоныс аударып, әлем кезіп жүрген топ мүшелері Белградта қайта қауышып, жаңа шығармашылық өмірлерін бастады. Көптеген кедергілер мен қиындықтардан өтіп, өздерін және бір-бірін жаңа қырынан таныған олар алған әсерлерін шабытқа айналдырып, тыңдармандарға жүректен шыққан туындыларын ұсынады.