тәулік бойы қолдау қызметі:
+996(220)04-49-23 +7 771936-53-53 Ticketon WhatsApp Ticketon telegram
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Скамейка» спектаклі Қостанай қаласында

Билет сатып алу

Екі әртүрлі адамның кездесу хикаясы кейіпкерлер арқылы баяндалады. Режиссер саябақтағы кездейсоқ кездесуді қызықты әрі терең спектакльге айналдыра білді.

Актерлер өз рөлдерін барынша экспрессивті және аса жарқын шеберлікпен сомдайды. Көрермен де кейіпкерлерге еріксіз жанашырлық танытады. Бұл күлкілі, толғандырғыш, лирикалық және музыкалық спектакль ешкімді бей-жай қалдырмасы анық, себебі мұндай оқиға әрқайсымыздың өмірімізде орын алуы мүмкін.

Спектакльдің оқиға желісі түсінікті әрі қарапайым: екі жанның саябақтағы скамейкада кездейсоқ танысуы. Бірі есімі мен бейнесін ұдайы өзгертсе, бірі әрдайым алдануға және күтуге дайын. Ер адам рөлін сомдайтын театр мен кино актері Олег Масленников-Войтов, ал әйел рөлін театр мен кино актрисасы Елена Захарова бейнелейді. Бұл оқиға біз туралы және жалғыздық әлемінде шынайылықты табуға деген үміт туралы сыр шертеді.