Ұр тоқпақ
Халық ауыз әдебиетінде кең тараған ертегінің оқиға желісі егде тартқан қарияның аңшылық құрып жүріп, қазды кездейсоқ тұзаққа түсіруінен басталады. Сол кезде кенеттен қазға тіл бітіп, егер құрығынан босатса, ақсақалдың қалаған арманын орындауға уәде береді. Сөйтіп, Қаздардың ханзадасы – Қазыбай аңшыны өз сарайында қонақ қылып, түрлі сый-сияпат көрсетеді. Алайда, аңқау қария жолай кезіккен қу балалардың алдауына ұрынып, әбден сарсаңға түседі. Соңында Қазыбайдан тоқпақты сыйға алған кейуана, сотқар балалардан есе қайырады. Ұлттық дәстүрде ұтымды безендіріліп, әуезді әнмен әрленген ертегі кішкентай көрермендерге қызықты көңіл-күй сыйлайды.
Қойылым тіл алғыштыққа, тәртіптілікке, шыншылдық пен үлкенге құрмет көрсетуге үндейді.
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Шал – Бекжан Керімбаев, «Шапағат» медалінің иегері
Кемпір – Диана Смағұлова, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
Қазыбай – Данияр Уразаев, «Еңбек даңқы» медалінің иегері
Нұрбек Алибек
1-бала – Нұрбек Әділбек
2-бала – Айсұлтан Жәлиев
3-бала – Мейірғат Амангелдин, «Үміт» сыйлығының иегері
Сарай бишілері – Наурыз Сабағатова
Назерке Серікболова,
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
Қаламқас Мелисова
Шехназа Қызыханова, «Үміт» сыйлығының иегері
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:
Бессмертный: кровавая дорога ...
