тәулік бойы қолдау қызметі:
+998(90)359-44-80 +998(93)517-78-07
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Балалар театрға шақырады»

Билет сатып алу

 

 «Балалар театрға шақырады»

Концерті

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

«Балалар театрға шақырады» концертінде «Астана Опера» театрының балалар театр студиясының жас әртістері жарқын сан алуан бағдарлама ұсынады.

Хор және балет студияларының тәрбиеленушілері – театрдың спектакльдері мен концерттік бағдарламаларының қатысушылары. Бұл студияларда өнерге деген қызығушылығы мол, сахналық дарыны мен музыкалық қабілеті бар балалар тәлім алуда. Бүгінгі таңда оның алғашқы түлектері Қазақстан мен шетелдің шығармашылық жоғары оқу орындарында білім алуда.

2022 жылдан бастап «Астана Операда» балалар үшін жаңа бағыт – «Театр қолөнері» жобасы іске қосылды, ол жерде балалар бутафория, костюмдер жасауды үйреніп, бейнелеу өнерінің қыр-сыры мен негіздерін меңгеруде. Концерт басталмас бұрын үйірме қатысушылары көрермен назарына өз жұмыстарының көрмесін ұсынады.

Ал балалар хор студиясының қатысушылары сахна төрінде классикалық әрі ұлттық репертуар шығармаларын орындаса, жас бишілер балет өнерінің жауһар туындыларынан жарқын нөмірлерді паш етпек.

Балет студиясының жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалия БӨРІБАЕВА

Балалар хор студиясының жетекшісі – Алтынғаным АХМЕТОВА    Хормейстер – Айгерім АМАНГЕЛЬДИЕВА

Концертмейстер – Ирина КУРГУЗКИНА  

Концерт режиссері – Николай КОРШУНОВ

Балалар студиясының жетекшісі – Шырын АХМЕДЖАНОВА
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.